Хирург

Хирургті ауруханаға шақырды. Хирург өз саласының нағыз маманы еді. Тәжірибесі өте мол.

Бір бала жол апатына түсіп, оған тез операция жасау керек екен. Хирург ауруханаға жүгіріп кірді. Алдынан ұлдың әкесі шығып: - Неге кеш келдіңіз? Неге? - деп дауыс көтерді, көзінен жас шықты, - менің ұлымның өміріне қауіп төнді. Сіз соны білмедіңіз бе? Сізде жауапкершілік жоқ па? деді тоқтай алмай. Хирург: - Кешіріңіз, менің де тез арада істейтін жұмыстарым болды. Қолым босаған кезде бірден келдім. Енді өз-өзіңізге келіңіз. Мен ұлыңызға операция жасайын, - деді.

Әке тоқтай алмады: - «Өз-өзіңізге келіңіз» дейсіз бе? Сіздің қандай басқа жұмыстарыңыз болуы мүмкін? Сіздің ұлыңыз менің ұлымның орнында болса, не істер едіңіз? Өз-өзіңізге келіңіз дейсіз, деді тағы да. Дәрігер күлімсіреді де: - Мен Алладиннің лампасынан шыққан жын емеспін. Бірақ қолымнан келгенін істеймін, - деді. Әкенің көңілі толмады: - Айту оңай. Оның үстіне бұл сенің балаң емес, - деді.

Хирург балаға не болғанын анықтады. Не істеуге болады? Операция жасауды бастады. Операция жасап болғаннан кейін дәрігер баланың ата-анасына келіп: - Бәрі жақсы. Балаларыңыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деді. Содан кейін сағатына қарады да, бірден есікке қарай жүрді: - Медбике толық айтып береді, - деді. Ауруханадан шығып кетті. Ұлдың әкесі медбикеге бұрылып: - Дәрігер әрқашан осындай ма? Қандай өзімшіл адам?! Тіпті маған жағдайды толық айтып беру үшін екі минут та табылмады ма? деді ашуын жасыра алмай.

Медбике:

Дәрігердің өз баласы кеше көз жұмған. Дәрігер бүгін баласын жерлеп жатқан еді. Ол зираттан келді. Қазір дәрігер қайтадан зиратқа кетті. Баласын жерлеуді аяқтау керек, - дейді дәрігер