Жарнама
Оқиға Жапон елінде болды. Токионың бір газетінде жарнама шықты: «Ата-анамды сатамын. Әкем 70 жаста. Анам 65 жаста. Бағасы – 1000 йен. Бір йен де кем емес?»
Адамдар оқыды, бастарын ұстады. «Ата-анасын сату деген не масқара?» деді. Жарнама сенсациядай болды. Үйде де, жұмыста да сөз қылды.
Жарнама жас жұбайлардың қолына түсті. Олардың жуықта ата-аналары көз жұмған. Сондықтан қатты ойланды. Баласының ата-анасын сатамын деуі тасжүректік болып көрінді. «Қарттар өздерін қалай сезінді?» деп ойлады. «Мұндай баладан не күтуге болады?». Жас жұбайлар қарттарды сатып аламыз деп шешті. Бар ақшаларын санады, бірақ ақша жетпейді. Сондықтан кейбір заттарын сатты. Керек ақшаны жинады. Көрсетілген мекенжайға барды. Мекенжайға келгенде үлкен вилланы көрді. Вилланың айналасы гүл екен. Жарнамада қателік кеткен деп ойлады. Бірақ есікті қақты. Есікті ата ашты. Жас жұбайлар жарнама туралы айтты. «Бірақ қателесіп кеткен сияқтымыз» - дейді.
- Жоқ, қателескен жоқсыздар. Кіріңіздер! Қазір әжелеріңді шақырамын! – деді. Сыртқа әжейді алып шықты. Түсіндіре бастады:
- Мына үй біздікі. Біздің басқа да байлығымыз бар. Бірнеше мейрамхана, зауытымыз бар. Бірақ балаларымыз жоқ. Байлығымызды жақсы адамдарға қалдырғымыз келеді. Сондықтан осындай жарнама бердік. Жарнамаға тек жақсы және жүрегі кең адам жауап береді деп ойладық. Бірақ біреу келеді деп ойламадық. Сіздерге байлығымызды қалдыруға болады деп ойлаймыз, - деді қарттар.