Қолсыз жеңіс

Бір елде бір бала болыпты. Ол каратэден әлемге танымал чемпион болуды армандапты.

Алайда ... Бір күні осы бала жол апатына түсіпті. Көзін ашыпты: оң қолы орнында, ал сол қолы жоқ. Не істерін білмейді? «Енді не істеймін? Бір қолы жоқ адамнан чемпион шыға ма?» деп өзін-өзі жей бастайды.

Ата-анасы да не істерлерін білмейді. Олар өзара ақылдасады, содан кейін балаларына жеке жаттықтырушымен жұмыс істейміз деп шешеді.

Үйге жаттықтырушы келеді. Не болғанын түсінеді. Каратэні үйретіп бастайды. Балаға бірінші күні бір әдісті үйретеді. Бұл қарсыластың оң қолын ұстап... жеңетін әдіс еді. Бір қызығы, осы жаттығуды келесі күні де, одан кейінгі күні де, тіпті бір айдан кейін де үйрете береді. Бала бір қимылды тынымсыз бірнеше рет қайталай береді. Бала да бұл әдісті қайталаудан «шаршай» бастайды. Жаттықтырушысына:

Ұстаз, бір әдісті үйренуден шаршадым, мүмкін келесі әдісті үйренеміз? - дейді.

Жоқ, - деді ұстазы, - дәл осы әдісті әлемде ең тез жасайтын адам болғанға дейін жаттығуды тоқтатпаймыз. Каратэде табанды болу керек.

Бала келісті. Жаттыға берді, жаттыға берді. Тіпті ұстазынан да тез жасайтын болды. Бір күні ұстазы балаға ерекше қуанышпен келді. Қолында жасөспірімдер арасындағы жарысқа жолдамасы бар. Бала басында таңғалды. Алайда жеңіс үшін қарсыласып та көргісі келді. Жекпе-жек болатын күн жетті. Бала қорқып:

Ұстаз, бұл қалай? Менің білетінім бір ғана әдіс. Бір қолым жоқ. Енді қалай жеңемін? деп сұрақ қойды. Ұстазы:

Сен білетін әдісіңді жасап көр. Қалғанын сосын көреміз, - дейді.

Жарыс та басталды. Бала білетін бір әдісін істеп еді, қарсыласы жеңіліп қалды. Екіншісі де! Үшіншісі де жеңіліп қалды! Осылай финалға жетті. Шымыр денелі бір баламен шығатын болды. Бала басында аздап қорықты, бірақ басқа жол жоқ. Ортаға шықты. Міне, қызық! Тағы да жеңіп кетті. Денелі қарсыласы да жерге құлады. Бала ұтты.

Бала жеңімпаз атанды! Баланың қуанышында шек жоқ. Жүгіріп ұстазына жетті: «Ұстаз, бұл қызық болды ғой. Білетінім бір әдіс қана. Бір қолым жоқ. Солай болса да, жеңімпаз атандым» - дейді қуанып. Сонда ұстазы шәкіртінің бетіне күле қарады да:

Алтыным, сен үйренген әдіс каратэ спортында ең қиын әдістердің бірі болып саналады. Бұл әдіске қарсы бір ғана әдіс бар. Ол қарсыластың сол қолын ұстап жасалады...! деді. Ал баланың сол қолы жоқ.