Сенім
Бір жігіт әскерде болды. Ол Құдайға сенеді, сондықтан басқалар мазақтады. Бір күні капитан солдатты өзге солдаттардың алдында күлкі қылуды ойлады. Солдатқа «мына кілтті ал, мына джипке отыр. Машинаны гараждың алдына жүргізіп апар» дейді. Солдат «машина жүргізу білмеймін» дейді. «Онда Құдайың көмектессін. Құдайдың бар екеніне біздің көзімізді жеткіз» дейді капитан. Солдат кілтті алды. Машинаның жанына барды. «Құдайым, көмектесші!» деді. Машинаға отырып, гараждың алдына апарып тоқтатты. Машинадан шықты, төрт жүзге жуық солдат пен капитан жылап тұр еді. «Біз сенің Құдайыңа сенеміз» деді барлығы.
Солдат түк түсінбеді. «Не болды?» деді ол. Капитан жылап тұр, тоқтай алмай жылап тұр. Ол джиптің капотын ашты. Джиптің моторы жоқ екен. Солдат сонда «Көрдіңіздер ме? Адам істей алмағанды Құдай істей алады» дейді.