Шаварштың ерлігі

Бұл отыз жыл бұрын болған оқиға. Бір спортшы спортты мәңгіге тоқтатты. Бір қарасаң, ерекше оқиға деуге де болмайды, спорт әлемінде барлығы бір күні спортты тоқтатады. Алайда бұл бір қарағанда ғана. Себебі әңгіме (санауға дайындалыңыз!) әлемнің 11 дүркін рекордшысы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның 13 дүркін чемпионы, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы туралы болады. Осынша жетістігі бар спортшылар әлемде аз. Міне, осындай спортшы өзінің жұлдызды шағында спортты тоқтатып, Мәскеуде аяқ киім тігетін кішкентай шеберхана ашты. Бұл адам бар дарынын Ереван көлінің астында қалдырды.

... Сол күні, 1976 жылдың 16 қыркүйегінде, Ереванда дамбадан өтіп бара жатқан троллейбус суға құлады. Тоқсан екі адам он метрлік терең суда қалды. Оларды тек өлім күтіп тұр еді. Алайда Құдайдың көзі дұрыс екен. Дәл сол кезде көлдің жағасында Шаварш Карапетян жаттығу жасап жүрген. Ол су астында жүзуден бірнеше дүркін чемпион. Ол кір суға секірді. Шаварш троллейбустың артқы терезесін аяқпен сындырып, адамдарды шығара бастайды. Адамдар естерінен танып қалған. Жиырма минуттан аса мұздай суық суда жүруге тура келді. Сол уақытта 20 адамды судан алып шықты. Шынында Шаварш троллейбустан жиырмадан аса адамды алып шықты, бірақ барлығы тірі қалмады. Дамбадан қарап тұрған адамдар Шаварштың денесі қан-қан екенін көреді. Денесін шыны кесіп кеткен екен.

Кейін тілшілердің «Ең қорқыныштысы не болды?» деген сұрағына: «Мен қандай мықты спортшы болсам да, бірнеше рет ғана сүңги алатынымды білдім. Судың астында түк көрінбейді. Сондықтан қолыма не тисе, соны құшақтап жоғарыға шығуға тура келді. Бір рет мен су бетіне шыққанда қолымдағы адам емес, жастық екенін көрдім. Жастыққа қарап, бұл қателігімнің бағасы бір адамның өмірі екенін түсіндім. Кейін сол жастық менің түсіме бірнеше рет кірді» - деп жауап берді.

Осындай ерліктен кейін ауыр пневмониямен ауырады және қаны бұзылыпты. Себебі көлге қаланың канализациялық қалдықтары құйылатын. Дәрігерлер Шаварштың өмірін әзер сақтап қалды, алайда спортқа қайтып келу мүмкін еместің. Шаварш Карапетян мүгедек боп қалды.

Ол мәңгіге кәсіби спортты тоқтатты. Алайда осы жиырма минут ішінде Шаварш өзінің адамдарға деген махаббатын бірнеше есе көбейтті.