Стереотиптерді бұзған адам... Себебі ол білген жоқ!

Австралия марафонының қашықтығы - 875 шақырым. Маршрут Сиднейден басталып, Мельбурнда аяқталады. Оны жүгіріп өтуге 5 күн кетеді. Жеңіл атлетиканың бұл түріне әлемдік спортшылар қатысады. Олар осы марафонға арнайы дайындалады. Марафоншылардың көбі 30 жасқа дейінгі жастар. Оларға ірі компаниялар көмектеседі. Киім, крассовкаларын береді.

1983 жылы 61 жастағы Клифф Янг жүгірмек болды. Бәрі таңғалды. Басында халық «Клифф марафонның басталуын қарау үшін келген» деп ойлады. Себебі спорт киімі жоқтың: жұмыс комбинезонында, аяғында бәтіңке, бәтіңкенің сыртынан галош киіпті. Алайда Клифф жүгірушінің нөмірін алуға үстелге жақындады. Ел оның шынымен жүгіргісі келетінін түсінді. Клифф 64-ші нөмірін алып, спортшылармен жүгіруге қатарға тұрды. Тілшілер қысқа сұхбат алғылары келді. Камераны Клиффке бұрып:

- Сәлем! Сен кімсің? Не істеп жатырсың? деп сұрады.

- Мен Клифф Янгпын. Біз Мельбурннан алыс емес жерде тұрамыз. Қойшымын.

- Сен шынымен жүгіресің бе?

- Ия.

- Сенің демеушің бар ма?

- Жоқ.

- Онда сен жүгіре алмайсың.

- Жоқ. Мен жүгіре аламын. Мен фермада өстім. Біз соңғы уақытқа дейін машина мен жылқы сатып ала алмадық. Тек 4 жыл бұрын машина сатып алдым. Бірде дауыл болардың алдында қойды қамауға шықтым. Бізде 2000 қой болған. Олар жайлауда жүретін. Кейде мен қойларды 2-3 күн қуып ұстап алатынмын. Бірақ мен әрқашан ұстап алатынмын. Ал марафон барлығы 5 күн. Мен үш күн жүгіре алсам, 5 күн де жүгіре аламын, - деді Клифф.

Марафон басталғанда спортшылар Клиффті артқа қалдырды. Кейбір көрермен оны аяса, кейбір көрермен күлді. Себебі ол тіпті дұрыс бастаған да жоқ. Көрермендер теледидардан Клиффті қызықтады. Біреулер Құдайдан амандық тіледі. Жолда өліп қалмаса екен деді. Әр кәсіби спортшы бұл марафонға күніне 18 сағат жүгіріп, 6 сағат ұйықтап дайындалды. Себебі 5 күн жүгіру керек. Ал Клифф оны білген жоқ. Келесі күні көрермен таңертең Клиффтің ұйықтамай түні бойы жүгіргенін білді. Келесі күні таңертең ол Mittagong қаласына жеткен еді. Бірақ ол спортшылардың артында еді. Клифф жүгіріп келе жатып адамдармен де амандасты. Әр түн сайын ол басқа спортшыларға жақындап келді. Ал соңғы түні Клифф әлемдік атлеттердің барлығын артта қалдырды. Соңғы күннің таңертеңінде барлығы Клиффтен бірнеше шақырым артта екендігі анықталды.

Клифф 61 жасында супер-марафонды жай ғана жүгіріп өтпей, марафонды жеңіп алды. Жаңа рекорд қойды. Себебі 9 сағатқа бұрын келді. Солай ұлттық батырға айналды. Клифф Янг 875 шақырымдық жолды 5 күн, 15 сағат және 4 минутта жүгіріп өтті. Клиффке A$10,000 беріп жатқанда мұндай сыйлық бар екенін білмегенін айтты. Ол ақша үшін жүгірмегенін айтты. Сондықтан ойланбастан өзінен кейін келген 5 атлетке A$2,000-нан бөліп берді. Өзіне бір цент те қалдырған жоқ. Сондықтан бар Австралия Клиффке ғашық болып қалды.

Көптеген жаттықтырушылар түрлі әдістерді білетін: қанша жүгіру керек, қанша ұйықтау керек. Оның үстіне олар 61 жаста супер-марафонды жүгіріп өту мүмкін емес деп ойлады. Клифф Янг мұның бәрін білмеді. Ол тіпті атлеттердің ұйықтайтынын білмеген. Оның миы шектеулерді білмейтін. Ол көз алдына қойларды елестетті және тек жеңгісі келді.