Айша бибі мен Қарахан туралы аңыз

Тараз қаласында Айша бибі, Қарахан, Бабаджа хатун және Тектұрмас кесенелері бар. Кесенелер 11-12 ғасырда салынған. Қараханның кесенесі Тараз қаласының ортасында орналасқан. Ал Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенесі Тараз қаласынан он сегіз шақырымда орналасқан.

Дерекқорда Қарахан мен Айша бибі махаббаты туралы аңыздың 28 нұсқасы бар. Ең жақсы тараған нұсқасы мынадай:

Қарахан ешқашан ешкімнен қорықпаған. Әрқашан жауын жеңіп, нағыз ержүрек батыр болатын. Биік бойлы, өткір көзді болатын.

Айша өте нәзік те сұлу еді. Еріндері шиедей, бота көз, қою қара шашты, аққұба еді.

Қарахан мен Айша бибі бір-бірін жақсы көрді. Айша ата-анасының батасын сұрайды. Алайда Айшаның әкесі Айқожа екі жастың қосылуына қарсы болады. Себебі ол кезде қыздарының кімге тұрмысқа шығатынын ата-анасы анықтайтын. Қарахан жауларымен соғысып жүріп, Айшаның аулына баруға уақыт таппайды. Айша әкесі қарсы болғандықтан, өзінің күтушісі Бабаджа хатунмен елінен қашады. Әкесі Айқожа арттарынан қуғыншы жібереді. Айша бибі мен Бабаджа хатун көп жүріп, Тараз қаласын көреді. Тараз қаласында Қарахан тұратын еді. Айша мен күтушісі Асу өзенін көріп, аз демалайық деп ойлайды. Өзенге жуынып, демалып жатқанда Айша бибіні улы жылан шағады. Шұғыл Қараханға хабар береді. Қарахан молданы ертіп асығыс Айша бибіге келеді. Молда екі жастың некесін қияды. Отбасылық өмірлері бірнеше минут қана болады. Айша бибі көз жұмады. Қарахан Айша бибі мен оның адал күтушісі Бабаджа хатунның кесенесін салдыртады. Өзіне де кесене салдыртады.

Қарахан өмірде қытайлармен көп соғысқан. Өмірінің соңында жеке үйде жалғыз тұрған екен.

«Жәдігер» телебағдарламасынан бейімделіп алынған

Нұржан Байсақ бейімдеген