Қаңтар оқиғасы

Қанды Қаңтар халықтың үрейін ұшырған көріністің бірі. 2022 жылды дүр сілкіндіріп қаншама азаматымыздың тағдырларын балтадай шапты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылдың ішінде Қаңтар оқиғасы секілді 1998 және 2011 жылдары ұқсас мәселеге байланысты митингтер жүргізілген. 1998 жылы Жаңаөзенге байланысты болса, 2011-де жұмысшылардың жалақысының көбеюі себеп болды. Бүлікшілердің теріс әрекеттерінің кесірінен 17 адам қаза тапса, 2022 жылдың басында болған Қаңтар оқиғасында 238 адам дүниеден озды. 5149 адам жарақаттанды. Бейбіт митинг деп аталатын процесс соңында Қазақстан тарихында ең қарқынды және опасыз қақтығысқа айналды.

Елімізде орын алған Қаңтар оқиғасы әлі күнге дейін зерттеулер мен талдаманы керек етіп тұрғандай. Жаңа жылдық демалыстардан кейін 1-желтоқсанда Жаңаөзен ауылының жұмысшылары мен тұрғындары митингке шықты. Маңғыстау қаласында сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауынан халық арасында кикілжің дау-дамай орнап, экономикалық процесстерге деструктивті әсер етті: күн сайын бүліктердің саны 27000-ға көбейіп келді, мобильді интернет бұғатталды, бұзушы топтың толқыны көп болғаннан кейін, Каспи банкоматтардағы ақшаны ұрлау, электроника, техника сататын дүкендерді тонау жүрді. Алматы, Ақтау, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Шымкент қалаларында бірте-бірте топтардың көше бойларына шиеленісулері көптеп күшейді. Алматы қаласында халықтың санасын басқарып отырған белгісіз адамдар тобы болды, Момышұлы көшесінен көтеріліп, Абай даңғылынан республикаға беттеген мыңдаған қала тұрғындары көлік жүргізушілерді тоқтатып тұрған. Ер кісілердің агрессиясы полиция қызметкерлеріне өтті. Мемлекет қызметкерлері тек шуылдаған жәбірлеушілерді тоқтатуға барса, орын алған тәртіпсіздік тағы бір қауіпті бүлік тобының келуіне алып соқты: террористтер.

Жетінші қаңтар күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім», - деп тікелей эфирде бұйрық берді. Радиодағы ойын-сауық форматы кілт тоқтатылып, дереу «Құрметті Алматылықтар! Қалада бандалық топтарды жою мақсатында, лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр. Далаға шықпауға, балаларыңызды сыртта қараусыз қалдырмауға кеңес беріледі», - деген хабарламалар жүрді. Сол сәтте аудиожазба жазып жүрген Елдар Құдайбергенов көтерілісті өз көзімен көрген азамат: «Үйден шықпадық, терезенің бәрін жауып қойдық. Радиодан естіген хабардан кейін Алматы тұрғындары қатты үрейге бөленгендей болды...», - деп жетінші қаңтардағы көріністі сипаттайды.

Бұйрықты естімей қалған жас қыздар, ештеңе білмеген ұлдар, аналар, ер кісілер оқтың астында қалды. 5300 тергеу істері басталып, 71374 жүргізілді, оған 1019 жылы құқық қорғау қызметкері жұмылдырылған.

Елдар Құдайбергенов Қанды Қаңтардың кезінде болған алапат оқиғаны, ұшақ рейстері кезіндегі оқыс жағдайдың куәгері ретінде подкаст жасап шығарған, 2022 жылы Алматы қаласынан Астанаға 5 қаңтарда балаларына, жұмыстарына қайту керек болған адамдар тобыры әуежай компанияларына шағымданғанын айтады. Ұшақ ішінде ата-ананың сүйемелдеуінсіз балалар, аналар, кішкентайлар ұшу кезінде транспорттың ішінде қалып қалған. Түнгі 22:00-дерге қарай Елбасының ескерткішін халық құлатқанын, бүлікшілердің әкімшілікті өрттеген туралы хабарлар келді... Халық тым-тырыс, атыс болып жатқан дыбыстарды Елдар Құдайбергеннің жұбайы Роза қаңтардағы қорқынышты сәттерді жылап тұрып еске салды. Аталып өткен қорқынышты сәттерді халық та, биліктегі адамдар да, мемлекет қызметкерлері де сезінді. Бұл алапат қантөгіс күндер тарихта халықтың үрейін қашырған қорқынышты оқиға болып қалатыны сөзсіз.

Лаңкестерге дер кезінде тойтарыс бере алғаннан кейін, Тоқаев биліктегі парламент, мәжілістегі елімізді сатып кеткен қызметкерлерді жұмыстан шығарды. Қазақстанда болатын бүкіл реформалар қайта қарастырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік құрылымында жаңа саяси шешімдердің қабылдана бастады.

Қаңтар оқиғасында болған жағдайдан кейін мемлекет басшысы көп ішкі проблемалардың қарбаласын реттестіру мақсатында, халыққа ұлттық «Жаңа Қазақстан» концепциясын ұсынды. Ауыр-соқпал кезеңнен қазақ елі бастан өтті, ендігі қателіктерді жібермес үшін, елдің Қарулы күштерін, әскерилерді мықты даярлауға беттеп, Ата-заңымызға жаңа реформалар орнатты:

Қасым-Жомарт Кемелұлының туыстары, туғандары, балалары президенттікке сайлана алмайды;

Саяси партияларды тіркеу жүйесі жеңілдетілді. Соның нәтижесінде елде жаңа партиялар пайда болып, парламентке өтті.

Облыстық мәслихаттардың рөлі артты. Егер бұрын олар президент ұсынған әкімнің кандидатурасын жай ғана мақұлдаса немесе мақұлдамаса, енді олар мемлекет басшысы ұсынған екі (немесе одан да көп) кандидаттардың ішінен таңдайды. Яғни, облыс басшыларын жанама сайлау енгізілді.

Енді Мәжіліске партиялық кандидаттар ғана емес, өзін-өзі ұсынған кандидаттар да кіре алады.

Өлім жазасы алынып тасталды.

Конституциялық сот пайда болды, онда азаматтар заң Конституцияға сәйкес келмейді деп есептесе, оған шағым түсіре алады.

Реформалардың кейбіреуі қазіргі күні орындалып жатса, енді біреулері жасалған жоқ. Мектептер мен ауылдық салалардағы жұмыскерлердің жалақысын көбейтуге билік шешім қабылдады: дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, мұғалімдерге 25 пайызға, басқа да бюджеттік салалар қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кейін естуші мемлекет концепциясын құрады. Президент парламентте он жыл қызмет етті, сенатты басқарды. Бұл идеяны өмірге алып келу халықтың көпшілігінен хаттар келетін, мәселелерді шешуге болатындай, демократиялық мемлекет ретінде құқықтық сананың рөліне тиісті өзгертулердің мақсатында жасалған. Бесінші қаңтарда президент Қауіпсіздік Кеңесін өзі басқаратынын айтты. Реформалардың қайта қарастырылуы қажет етілмейді, оларды небәрі іске асыруға беттеу қажет. Қазақстан Республикасы зайырлы, унитарлы, демократиялы мемлекет, мемлекеттік идеология құрылымы, халық оның басты құраушысы, билік басты басқарушысы.

Материалды Ерімбет Фатима дайындалған