Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Шын аты - Мұхаметқали. Мұқағалидан кейін Тоқтарбай және Көрпеш атты екі ұл дүниеге келді. Мұқағали Тиын атты әжесінің тәрбиесінде болғандықтан, анасы Нағиманды «жеңге» деген.

Тиын әжесі өте батыл болған. Бірде Мақатай көкпар тартып жүреді, абайсызда жылқыдан құлап аяғын сындырады. Тиын әжесі дәрігерлердің келуін күтпейді, «ол енді саған аяқ болмайды» деп, аяғын кесіп тастайды. Мұқағали осы әжесіне тартады. Ал әжесі тік мінезді болыпты.

Мұқағали 3-сыныпта оқып жүргенде өлең жазыпты. Сол кездегі ұстазы Қасым Жайылмасовқа өлеңдерін көрсетеді екен. Мұғалімі «келешекте үлкен ақын боласың» деп жүріпті.

Мұқағали он жасқа келгенде әкесі соғысқа кетті. Калининград майданында әкесі Сүлеймен көз жұмды. Сондықтан Мұқағали ерте есейеді. Негізі әкесі Сүлейменнің бойы өте биік болған, 2 метрден асатын болған. Бала Мұқағали «Шіркін! Әкемді бір көрсем!» деп армандаған екен.

Соғыс жылдары Қарасазға қырғыздар келеді. Олар саудагерлер еді. Олар сол жерде Мұқағалиға өлең шығартып, өлеңдері үшін бір қойларын тастап кетеді. Содан ол «Өлеңмен де ақша табуға болады екен ғой» деп ойланып қалады. Содан кейін 14-15 жасында өлең жазуға шындап кіріседі. Үйіне қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап, тек оқумен болады. Қазақ әдебиетінен басқа Пушкин, Есенин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль, Бальзак, Лондон, Шекспир шығармаларын оқиды. Кейін жазушы М.Қабанбай «Мұндай телегей-теңіз білімді қазаққа алғаш кездесуім» дейді.

Мұқағали орта мектепті Нарынқолдағы мектеп-интернатында бітіреді.

Төлқұжат алатын уақыт келеді. Мұқағали 9-ақпанның орнына 15-сәуір деп жаздыртады.

1948 жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ оқуды аяқтамайды. Шибұт деген көрші ауылға барады. Хатшы болады. Кейін мектепте орыс тілі мұғалімі, одан кейін аудандық газеттің тілшісі болып қызмет етеді.

1949 жылы, яғни 18 жасында, 21 жасар Лашын атты қызға үйленеді.

1950 жылы Алматыдағы Шет тілдер институтына оқуға түседі, бірақ ақша аз болғандықтан, ауылға қайтуға тура келеді.

1957 жылы Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады.

1950 жылдан бастап өлеңдері республикалық баспасөздерде жарияланып, есімі елге танымал бола бастайды. Сондықтан «Өлеңім өлтірмейді» деген сеніммен 1962 жылы Алматыға көшеді.

6 ұл-қызы болды. Бірінші қызы Ләззат ерте көз жұмды. Одан кейін Майгүл, Алмагүл, Шолпан атты қыздары және Жұлдыз бен Айбар атты ұлдары болады. Екінші қызы Майгүл Алматыға көшіп келгенде көз жұмады. Жол апаты болды, мотацикл соғып кетті. Бұл туралы Нағиман анасы былай дейді: «Міне, осыдан кейін балам сеңдей бұзылды. Қатты қиын болды. Мінезінде де өзгеріс пайда болғандай. Оның себебі кітабын шығара алмай, қамқор адамды таппай жүрген кезі екен ғой. Оның үстіне, қызының өлімі қосылып, қатты қиналды. Пәтер жоқ, бірнеше жыл қиындық көрдік». Пәтермен бірге Алматыда қызметін де жиі ауыстыруға тура келеді.

Мұқағали 1000-нан астам өлең жазып, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы» поэмаларын, «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелерін, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жазып қалдырды. Бірақ кезінде таланты өзінен әлдеқайда төмен кейбіреулердің том-том кітаптары көп данамен шығып жатты, ал Мұқағалидің шығармалары жұқа кітап ретінде шығып жатты, бұл әділетсіздік еді.

Алғашқы шығармалар жинағы шықты. Ол кезде Мұқағали 33 жаста еді.

1970 жылдары Н.Тілендиевтің үйінде М.Мақатаев екеуі 30 күн бірге болып, 30-дан аса ән шығарады. Н.Тілендиев 2-бөлім әнін жазса, М.Мақатаев сөзін жазады. Сол кезде «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Есіңе мені алғайсың», «Болмасын соғыс, болмасын» және т.б. шығармалар өмірге келеді.

1973-@ жылдары Жазушылар одағы жолдама береді. Жолдамамен Мәскеуге барады. Әдебиет және өнер институтында оқиды. Оқуды аяқтамайды. «Олардың білетінін өзім де біледі екенмін. Алматымды сағындым. Балаларымның жанында болайын» деп Қазақстанға келеді. Ал Әнуар Мейірбеков деген ағасына былай депті: «Түсіме Пушкин кірді. «Бұл көп ақынды жұтқан Мәскеу, аманыңда еліңе кет», - деді. Ертесіне Пушкиннің ескерткішіне барып қоштастым да, еліме тартып кеттім», - депті. Бұл жылдары бір күнде 7-8 өлең жазып тастайтын еді. Бірақ жағдайы нашар болғандықтан Д.Қонаевқа: «Димаш аға, мен қатты қиналдым. Кітаптарым сирек шығады. Жұмыссыз жүргеніме бірнеше жыл болды. Мына өмірден шаршадым. Әйелім мектепте жарты еңбекақыға жұмыс істейді. Қарт анам бар, аурушаң інім бар. Оның үстіне менің аяғымнан шалушылар көбейіп кетті. Өзімде де кемшілік бар ... Егер сіз маған көмектесе аласыз, қол ұшыңызды беріп, мына тоқтатсаңыз, есімді жиып, ащы-тұщыны қояр едім. Менің алдымда өлім тұрғандай», - деп хат жазады, бірақ ол Қонаевтың қолына жетпеген.

Өмірінің аяғына қарай анасы: «әдетте тау тұлғалы баламның еті қашып, ірі сүйектері саудырап сала берді ғой. Несін айтайын... Әйтеуір, қаламын қолынан тастаған жоқ. Оңаша үйде күбірлеп, сөйлеп, толғатқан анадай күй кешкен кездерін де көрдім. Сөйтсем, мына жалғаннан арғы ауылға аттанатынын сезіп, соңына өлеңдерін қалдыру үшін жанталасқан екен ғой балам!» дейді. 1976 жылы ауруханаға жатады. 27 наурызда бауыр циррозы ауруынан қаза табады. Денесі Алматының жанындағы Кеңсай деген жерге қойылды. Кеңсайда қазақтың бірқатар өнер, спор және қоғам қайраткерлері жатыр.

М.Мақатаевқа арналған «Аңыз адам» журналынан

Нұржан Байсақпен бейімделген